АҚШ Мемлекеттік департаменті Колумбия президенті Густаво Петродың Нью-Йорктегі Таймс-скверде палестиналықтарға қолдау акциясына қатысқаннан кейін оның визасын жойғанын хабарлады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Петро Газаға қатысты болып жатқан жағдайды «нақты геноцид» деп атап, оның мақсаты палестин халқын жою екенін айтты. «Егер Палестина жойылса, адамзат та жойылады», – деп атап өтті ол.
Колумбия басшысы америкалық әскерилерге үн қатып, «адамзатқа қарсы зымыран атпауды және Дональд Трамптың бұйрығына бағынбауды» шақырды.
Мемлекеттік департаментте Петродың әрекеттерін зорлық-зомбылыққа итермелеу деп бағалады.
Бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Колумбия президенті АҚШ әкімшілігін қатты сынға алып, Дональд Трампты Газаға қатысты геноцидке қатысы бар деп айыптаған еді.