Молдовада парламенттік сайлау басталды, дауыс беру үшін сайлау учаскелері ел бойынша және шетелде ашылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Елде 2200-ден астам сайлау учаскесі жұмыс істейді, тағы 301 учаске шетелде орналасқан, оның ішінде Приднестровьеде – 12. Дауыс беру құқығына шамамен 3,3 миллион адам ие.
Республика тұрғындары келесі төрт жылға депутаттарды сайлайды. Парламентке өту үшін 15 партия, төрт блок және төрт тәуелсіз кандидат таласады. Парламентте барлығы 101 депутаттық орын бар. Оған өту үшін тәуелсіз кандидаттар 2% дауыс, партиялар – 5%, блоктар – 7% дауыс жинауы тиіс.
Елдің Орталық сайлау комиссиясы 3400-ден астам байқаушыны аккредиттеді, олардың ішінде 20-дан астам елдің 600-ден аса өкілі, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы, сондай-ақ ЕО ұйымдары бар.
Сайлау учаскелері сағат 21:00-де (Астана уақытымен 23:00-де) жабылады, бірақ дауыс берушілер болған жағдайда олардың жұмысын ең көп дегенде екі сағатқа ұзартуға болады.