Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ғани Бейсембаевты Оқу-ағарту министрі қызметінен босатты, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Бейсембаев Ғани Бектаевич Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.
Ол бұл лауазымды 2023 жылдың қаңтарынан бері атқарып келген.
Бейсембаевтың орнына Жұлдыз Сүлейменова тағайындалды.
«Премьер-министрмен келісім бойынша Оқу-ағарту министрі болып Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова тағайындалды. Ол белсенді қоғамдық қызметімен танымал әрі білім беру саласында мол тәжірибесі бар», – деп жазды президент кеңесшісі Руслан Желдібай.