Трамп Газадағы соғысты тоқтату жоспарын ұсынды

Бүгін, 09:21 / Қайсар Қалам
Сурет: Ақ үй

АҚШ президенті мен Израиль премьер-министрі Ақ үйде Газадағы қақтығысты реттеуге арналған бейбіт жоспарды талқылады. Трамптың айтуынша, тараптар «келісімге жақын» және ол «тарихи күн» болмақ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ортақ баспасөз мәслихатында ол Ақ үй бастамасына қолдау білдіргені үшін израильдік көшбасшыға алғыс айтты. Жоспарды дайындауға араб және мұсылман елдері, сондай-ақ Еуропадағы одақтастар қатысқан.

Ұсыныс 20 тармақтан тұрады: Газаны демилитаризациялау, ХАМАС инфрақұрылымын жою, жергілікті полицияны оқыту және израильдік әскерлерді кезең-кезеңімен шығару.

Сонымен бірге келісім аясында айырбас қарастырылған: Израильдің ресми келісімінен кейін барлық тұтқындар 72 сағат ішінде босатылуы тиіс. Бұдан кейін аймаққа гуманитарлық көмек жеткізіледі. Жауап ретінде Израиль үкіметі өмір бойына сотталған 250 адамды және 2023 жылдың 7 қазанынан кейін тұтқындалған 1700 Газадағы тұрғынды босатады.

Тэгтер:

Трамп Израиль Палестина