Кезектен тыс парламент сайлауының күні белгіленді

Бүгін, 13:15 / Қайсар Қалам
Сурет: pixabay

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жогорку Кеңеш (бір палаталы парламент) депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құжатқа сәйкес, сайлау 2025 жылғы 30 қарашада, жексенбі күні өтеді. Президент Орталық сайлау және референдум өткізу комиссиясына сайлауды ұйымдастыруды және қашықтан дауыс беруді енгізуді тапсырды. Ал үкіметке қажетті қаржыландыруды қамтамасыз ету жүктелді.

12 қыркүйекте Қырғызстан парламентінің депутаттары өзін-өзі тарату үшін қол жинауды бастаған. Бұған жоспарланған парламенттік және президенттік сайлаулар арасындағы үзілістің тым қысқа болуы себеп болған.

25 қыркүйектегі отырыста 84 депутат Жогорку Кеңешті таратып, кезектен тыс сайлау өткізу туралы ұсынысты қолдады.
 

Тэгтер:

сайлау парламент Қырғызстан