Қарағанды қаласындағы полицияның тірек пунктінде әйелдің мәйіті мен ес-түссіз күйде жатқан полицей анықталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Полиция тірек пункттерінің бірінен азаматшаның мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен әйелдің өлім себебі анықталуда. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді. Объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды», – деп хабарлады сәрсенбі күні Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство атап өткендей, тергеу барысы өңірлік ПД бастығының жеке бақылауында.
«Барлық әрекеттер мұқият тергеледі, кінәлі тұлғалар қатаң жауапқа тартылады», – деді полицейлер, сондай-ақ азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырды.