Алматы облысында бірден екі АЭС салу жоспарланып отыр

1 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Алматы облысында екі бірдей атом электр станциясын (АЭС) салу жоспарда бар. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Атом энергетикалық нысанын салу мәселесі қарастырылып жатыр – ол қолданыстағы нысанға қосымша бола ма, әлде базалық станция бола ма, мүмкін, бұл кіші немесе орта қуатты станция болуы ықтимал. Ол «Ғылым қалашығының» қажеттіліктерін өтеу, ғылыми мақсаттар үшін, сондай-ақ өңірді электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін салынуы мүмкін», – деді Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, бұл – қазіргі жоспарларда көрсетілген «негізгі тәсіл».

«Біз мұны дәл осындай ретпен жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Айта кетейік, Алматы облысының Үлкен ауылында алғашқы АЭС құрылысы басталған болатын.
 

Тэгтер:

Алматы облысы АЭС Үлкен ауылы