Қырғызстан президенті өлім жазасын қайтаруды тапсырды

1 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 17 жастағы қыздың өліміне қатысты істі жеке бақылауына алып, заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алагөзовтың айтуынша, Жапаров аса қатігездікпен жасалған қылмыс туралы хабарды терең өкінішпен қабылдаған. Ол президент әкімшілігінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Мурат Укушевке заңнамаға өзгерістер дайындауды тапсырған.

Әңгіме балаларға, қыздарға және әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар үшін ең қатаң жауапкершілікті қарастыру туралы болып отыр. Атап айтқанда, балаларды зорлау, сондай-ақ әйелдерді зорлап, өлтіру фактілері үшін өлім жазасын енгізу ұсынылуда, – деп жазды баспасөз хатшысы.

Тэгтер:

Қырғызстан өлім жазасы жапаров