Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашқанын мәлімдеді

2 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Ақорда

Telegram негізін қалаушы әрі бас директоры Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасы ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

«Бір жыл бұрын біз Қазақстанда алғашқы өңірлік офисімізді аштық және нәтижесіне өте ризамыз. Бүгін біз Alem.ai ғимаратында жасанды интеллектке арналған мамандандырылған зертхананы іске қосып отырғанымызды қуана хабарлаймын. Ең алдымен біз Telegram мен Қазақстанның Жасанды интеллект министрлігі іске қосқан суперкомпьютерлік кластердің бірлескен жобасын жүзеге асырамыз. Бұл технология миллиардтан астам адамның жасанды интеллект функцияларын құпиялы, ашық әрі тиімді пайдалануына мүмкіндік береді», — деді ол.

Дуров Қазақстандағы суперкомпьютерлік кластер осы желіге есептеу қуатын жеткізетін алғашқы ірі орталықтардың біріне айналады деген үмітін білдірді.
 

Тэгтер:

жасанды интеллект Дуров зертхана