Еліміз сот шешімімен 21 адамды елден шығарып, оларға бес жылға елге кіруге тыйым салды. Сондай-ақ бүгін бір адамның елге кіруіне айыппұл төлемегені үшін шектеу қойылды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Бүгінде Қазақстан сот шешімімен 21 адамды елден шығарып, оларға бес жылға кіруге тыйым салды. Айыппұл төлемегені үшін бір адамның кіруіне шектеу қойылды», — деді Лепеха сенаттың жалпы отырысында.
Оның айтуынша, ұлттық заңнамаға сәйкес, елге кіру ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, адамның экстремистік немесе террористік қызметке қатысы бар екендігі туралы ақпарат болған жағдайда, ұлтаралық немесе діни араздықты қоздырғаны үшін, Қазақстанда бұрын жүрген кезінде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық бойынша айыппұлды төлемеген жағдайда шектелуі мүмкін.
«Яғни, ол бұрын келген, бірақ айыппұл төлемеген болса, біз төленгенге дейін кіруге рұқсат бермейміз», — деп түсіндірді Лепеха.