Мерц пен Орбан ЕО саммитінде сөзге келіп қалды

2 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Германия канцлері Фридрих Мерц Копенгагенде өткен Еуроодақ саммитінде Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанды сынға алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, «кикілжің» ЕО-ның қорғанысын қалай қамтамасыз ете алатыны және Украинаны қолдау мәселелері талқыланған кезде болған.

«Фридрих Мерц сәрсенбі күні Копенгагенде өткен Еуроодақ басшыларының кездесуінде Виктор Орбанды қатты сынға алды. Ол Венгрия премьер-министрін одақтың қауіпсіздік мәселелерін талқылауды бұзды деп айыптады», — делінген хабарламада.

Авторлардың пікірінше, бұл жанжал Еуроодақтағы Орбанға деген наразылықтың тағы бір белгісі. Bloomberg еске салғандай, Венгрия премьері бірнеше рет Ресейге қарсы санкцияларды тежеу үшін вето құқығын пайдаланған және Украинаның ЕО-ға мүше болуына қарсы шыққан.

Саммитке ұшар алдында Виктор Орбан Копенгагендегі бейресми кездесуде өзін «тордағы айқас» күтіп тұрғанын айтқан, себебі басқа елдер Будапештке Украина мәселесі бойынша үнемі қысым көрсетеді.

Тэгтер:

ЕО Фридрих Мерц Виктор Орбан