"Мәһрге 3 сиыр сұрадым": Танымал журналист жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

2 қазан, 2025 / Arasha.kz
Arasha.kz коллажы

Қазақстандық танымал журналист, телеарна қызметкері Ақбөпе Тәңірберген тұрмысқа шығып, мәһрге ерекше сыйлық сұрағанын жария етті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақбөпе өз некесінен бейнежазбаны әлеуметтік желісінде бөлісіп, таңдауының себебін түсіндірді.

"Мәһрге 3 сиыр сұрадым. Себебі, жолдасымның мүмкіндігі болса менен аямай ең қымбат киім, ең әдемі зергерлік зат, ең жақсы көлікті алып беретінін білемін. 3 сиырымды алып берсе әкемнің үйіне апарамын да, жылда ұялмай ет алып отырамын", – деп жазды ол.

Тэгтер:

журналист Ақбөпе Тәңірберген мәһр