Қазақтарды қорлаған Алика Мұхамадиеваның ісі сотқа жетті

3 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Алика Мұхамадиева ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру») бойынша сот алдында жауап береді. Бұл бап бойынша екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзедлген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Еске салсақ, биыл шілде айында қыз Threads әлеуметтік желі арқылы бірнеше рет қазақтарды қорлағаны үшін қамауға алынған еді. Қоғамдық резонанстан кейін ол видеоүндеу жасап, кешірім сұрады, алайда бұл оны құтқармады. Полиция қылмыстық іс қозғап, Мұхамадиеваны сотқа дейін уақытша ұстау изоляторына қамады.

Сонымен қатар, күдіктінің шетелге кетпек болғаны да хабарланған.

Қарағандыда қазір сотталушы атанған Мұхамадиева сәтті кәсіппен айналысып келген: ол сәлемдемелер жеткізу қызметін жүргізіп, өз дүкенінде киім, аяқ киім және аксессуарлар сатқан.
 

Тэгтер:

сот Ұлтараздық Алика Мұхамадиева