Павлодар облысында әкім мен фельдшер төбелесті

3 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Қоянды ауылдық округінің әкімі Ержан Оразалимов даулы оқиғаға тап болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әкімнің жанжал шығарғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Оразалимовтың қолынан Екібастұз қалалық ветстанциясының фельдшері жапа шеккені айтылды.

Павлодар облыстық полициясы қақтығыстың шынымен болғанын растады. Алайда нақтылап өткендей, медик пен әкім кешкі іс-шара кезінде төбелескен.

«Жағдай тұрмыстық сипатта болған, олардың кәсіби қызметіне қатысы жоқ. Қақтығысқа қатысушылар өзара татуласты, бір-біріне ешқандай арыз-шағымы жоқ», — деп түсіндірді ПД.

Жуырда ғана дәрігер Антон Кистановты соққыға жыққан іс бойынша сот басталған еді. Хирург пациенттің шабуылынан кейін жансақтау бөліміне түскен болатын.
 

Тэгтер:

төбелес әкім Фельдшер