Тоқаев "Торғай - Ырғыз" бағытындағы автожол құрылысын жеделдетуді тапсырды

3 қазан, 2025 / Arasha.kz
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «Торғай – Ырғыз» және Батыс бағытындағы өзге де автожолдардың құрылысына қарқын қосуды міндеттеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Мемлекет басшысы Үкіметке «Торғай – Ырғыз» жолы мен батыстағы басқа да автокөлік магистральдарының құрылысын жеделдету жөнінде тапсырма берді», – делінген ресми ақпаратта.

Айта кетейік, автожол құрылысы 2025 жылдың 14 маусымында басталған болатын. Жаңа бағыттың арқасында Астана мен Ырғыз арасындағы арақашықтық 573 шақырымға қысқарады.

Құрылыс жұмыстары бір уақытта екі нүктеде – Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Жанкелдин ауданына қарасты Торғай ауылында басталды. Құрылыс "Астана – Жәнтеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз" бағыты бойынша жүргізіліп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы – 865 шақырым.