"Мұңайып, қайғырып, түңіліп болдым": Еспановтың ұлы ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

4 қазан, 2025 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Белгілі әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов өзінің қомақты мөлшердегі қарызға кіріп, ауыр қаржылық жағдайға тап болғанын ашық айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Олжастың айтуынша, ол алаяқтардың құрбанына айналып, 45 миллион теңге көлемінде несиеге белшесінен батқан.

"45 млн кредит, 2 жылға созылған уақыт... Менде бәрі идеально емес, бәрінің басында проблема бар. Мұңайып, қайғырып, түңіліп болғанмын. Адамды білмей, танымай, арласпай адамды сөгуге болмайды негізі. Бұл да бір сынақ деп ойлаймын алаяқтыққа ұрынып 45 млға қадалу. 2 жыл осы кредитпен әлек болып жүрмін. Бармаған жер, баспаған тау қалмады. Өкіметтік органдар ешкім жұмыс істегісі келмейді. Банктегілер бізді қораға тыққысы келеді жоқ машинаның кредитін төлеңдер деп. Вообщем айта берсең кино, сериал, дорама ғой. Кредит менің мойнымда, 45 млн тақалып тұр”, – деді Олжас.

Сонымен қатар, ол қарыз мәселесін қалай шешуді жоспарлап жүргенін алдағы уақытта бөлісетінін және кез келген ұсынысқа ашық екенін айтты.

Тэгтер:

Нұрлан Еспанов Олжас Еспанов