Алматыда шекарашы қайтыс болды: ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр

5 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ҰҚК

5 қазан күні Алматы облысы департаментінің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы әскери қызметшісі көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дәрігерлердің алдын ала дерегінше, өлімге менингококцемия — яғни бактерия қанға түсіп, сепсис тудыратын менингококк инфекциясының ауыр түрі себеп болған. Ауру өте жылдам дамиды.

Алматының Наурызбай ауданында сотқа дейінгі тергеу басталды, ал Шекара қызметінде қызметтік тексеріс жүргізілуде.

Қыркүйек айының соңында «Жетісу» оқу-жаттығу полигонында қауіпсіздік шараларының бұзылуы салдарынан мерзімді қызметтегі сарбаз қаза тапқан болатын. Бұл істі Қорғаныс министрлігі ерекше бақылауға алды.
 

Тэгтер:

тергеу ҰҚК инфекция Шекарашы қазасы менингококк