«Қазгидромет» мәліметінше, дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
Солтүстік өңірлерде жаңбырдың қарға ауысуы және үсік жүруі ықтимал, батыста – өткінші жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте – шаңды дауыл болуы мүмкін.
Қысқаша мәлімет:
▪️ Астана қаласында — ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде –1…–3 °C, күндіз +9…+11 °C.
▪️ Алматы қаласында — ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде 0…+2 °C, күндіз +13…+15 °C.
▪️ Шымкент қаласында — бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +6…+8 °C, күндіз +21…+23 °C.