Сирияда Асад билігі құлатылғаннан кейін алғашқы сайлау өтті

6 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Сирияда президент Башар Асад биліктен шеттетілгеннен кейін алғашқы парламент сайлауы өтті. Дауыс беру нәтижелері бір-екі күн ішінде жарияланбақ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жаңа бір палаталы Халық кеңесіне 210 депутат енеді. Олардың өкілеттік мерзімі — 30 ай, әрі ол ұзартылуы мүмкін. Депутаттардың үштен бірі президент Ахмед Аш-Шараның тағайындауымен қызметке келеді.

Қалған орындар Аш-Шара тағайындаған сайлау алқасы құрған өңірлік комитеттер арқылы бөлінеді.

Айта кетейік, сайлауға қатысу үшін 1578 кандидат тіркелген, олардың 14 пайызы – әйелдер.
 

Тэгтер:

сирия сайлау парламент