БАӘ-де Қазақстан азаматы заңсыз мұнай саудасы үшін ұсталды

6 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері заңсыз мұнай айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мұнайды заңсыз өткізу бойынша әрекеттер жасаған.   

«Қылмыс жасағаннан кейін қаскүнем жасырынып, ол халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылы іздеудегі адам Дубайда анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол жерден Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады прокуратура. 

Айта кетейік, 2024 жылы бұл қылмыстың сыбайласы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған. 

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
 

Тэгтер:

заң прокуратура БАӘ мұнай саудасы