Хайп үшін алдырып тастаған қабырғаларын видеода көрсеткен модель (ВИДЕО)

6 қазан, 2025 / Arasha.kz
Фото: видеодан алынған скрин.

Интернетте тағы бір шу. OnlyFans платформасындағы танымал модель «мінсіз дене» үшін радикалды қадамға барып, қабырғаларын алдырғанын мәлімдеді.
, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұдан да таңқаларлығы – ол алынған қабырғаларды «естелік ретінде сақтап», жазылушыларына көрсеткен.

Бірақ көпшіліктің реакциясы мүлде басқа болды. Желі қолданушылары суреттерге сенбестен, «бұл нағыз адам қабырғасы емес, шошқаның сүйегіне ұқсайды» деп жазып, бәрі қаралым жинау үшін жасалған қойылым деген пікір білдірді.

Мамандар болса, мұндай әрекетті қатты сынға алды.

Дәрігерлердің айтуынша, қабырғалар — артық деталь емес, керісінше адам денесінің басты қаңқасы, ол жүрек пен өкпені, ішкі ағзаларды қорғайды.

Мұндай операциялар денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді, ал кей жағдайларда өлімге немесе ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Тэгтер:

әлеуметтік желі видео хайп модель қабырға дене мүшесі