«Құлагер» командасының қашып кеткен басшысы Сергей Филь ұсталды

6 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген хоккей шенеунігі көп ұзамай полицейлердің қолына түсті. Жұма күні оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, жексенбіде ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының полициясы хабарлағандай, 45 жастағы астаналық тұрғын екі және одан да көп адамды алдағаны үшін күдікті ретінде қамауға алынған. Қазір тергеу изоляторында отыр, алдын ала тергеу жүргізілуде.

Тергеу мәліметінше, Филь бірнеше ресейлік легионерге қазақстандық паспорт жасап беремін деп уәде беріп, 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша алған, содан кейін із-түзсіз жоғалған. Оны жұмыста 24 қыркүйектен бері ешкім көрмеген.

Полицияның жедел әрекетінің арқасында ол елден қашып үлгермей, ұсталды. Бүгіннен бастап тергеуге жауап беруге тиіс.

Бұған дейін, 2017 жылы, Филь Ресейде де алаяқтық, ұрлық және денсаулыққа ауыр зиян келтіру істері бойынша іздеуде болған.

Тэгтер:

полиция Құлагер ХК Сергей Филь