Мұғалім сабақ үстінде қайтыс болды

6 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Әзербайжанның Нахчыван қаласында мұғалім мектептегі сабақ кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Baku.az хабарлауынша, қайғылы оқиға Нахчыван қаласындағы №17 орта мектепте болған.

Сабақ өткізу кезінде әзірбайжан тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Наиля Будагова кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Әйелдің педагогикалық өтілі 21 жыл болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, жағдайының нашарлауына миға қан құйылу себеп болған. Жедел жәрдем бригадасы жедел жеткенімен, ұстаздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
 

Тэгтер:

мұғалім мектеп қаза сабақ