1,3 млрд теңгеге түсірілген мультфильмді балалар көрмеген

6 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

2019–2024 жылдар аралығында «Қазақфильм» киностудиясы 1,37 млрд теңге бюджет қаржысына 47 анимациялық фильм түсірген. Алайда олардың ешқайсысы кинотеатрларда көрсетілмеген, ал YouTube-та орташа 1000 қаралым да жинамаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Негізгі деректер:

Киностудия 100% мемлекетке тиесілі, толықтай бюджеттен қаржыландырылады.

2023 жылы студияның шығыны — 819 млн теңге.

Тек 4 мультфильм («Менің атым Қозы» сериялары және «Батыл қояндар») El Arna, Qazaqstan, Хабар, Balapan арналары арқылы эфирге шыққан, деп жазды tengrinews.kz.

Қалғандары YouTube-тағы Qazaq Animation арнасына жүктелген (532 жазылушы, 12 ролик).

Қаралым көрсеткіші:

«Айбынды аула» — 44 000 қаралым;

Басқалары — орта есеппен 383 қаралым (53–975).

Аудиторлардың тұжырымы:
Мәдениет және ақпарат министрлігі (МИАМ) стримингтік платформалармен келісімге келе алмаған. 2019 жылдан бері Megogo, Okko, Unico, Freedom Media, Bee TV және басқа сервистермен келісімшарттар аяқталмаған.

Министрліктің жауабы:

Мультфильмдердің көбі қысқаметражды, сондықтан кинотеатрларға жарамсыз;

Кейбірі оқу, мәдени-ағартушылық және фестивальдік мақсатта түсірілген;

YouTube-та жариялау — депутаттық сауал бойынша ашықтық үшін жасалған қадам.

Нәтиже:
1,3 млрд теңге бюджет қаражатына түсірілген мультфильмдер кең аудиторияға жетпей, интернетте көрерменсіз қалды.

Тэгтер:

YouTube Мультфильм 13 млрд көрермен