"Қайрат" футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның әкесі жайлы жаңа ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп Arasha.kz тілшісі Sportinside.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Threads желісінің бір қолданушысы жас спортшының әкесінің кім екені туралы мәлімет бөлісті.
"Шерхан Қалмұрзаның әкесі – Эльдар Абдрагимов, бұрынғы боксшы. Ол өз уақытында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанған. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылының тумасы", – деп жазды желі қолданушысы.