Емші жүздеген адамды алдап, жарты миллиард теңгеге несие алдырған

7 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Ақтөбеде 51 жастағы «халық емшісі» Сұлушаш Қазбаева ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген айыппен сотталды. Тергеу деректеріне сәйкес, әйел 136 адамды алдап, олардың атына жалпы сомасы 579 миллион теңге болатын несиелер рәсімдеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алаяқт құрбандарының басым бөлігі — зейнеткерлер, жалғызбасты аналар және мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар болған.

Қазбаева «ақшалар игі іске — мешіт пен медициналық орталық салуға қажет» деп сендірген. Ол тіпті Құран ұстап ант беріп, қарызды міндетті түрде қайтаратынын айтқан. Алайда адамдар өз ақшаларын қайтара алмаған.

Айыптаушылардың айтуынша, Қазбаева әдейі және пайдакүнемдік мақсатта сенгіш адамдарды алдаған, «құрметті емші» және «шығыс медицинасының магистрі» деген беделін пайдаланып, сенімге кірген.

Сот оны кінәлі деп танып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Алайда оның кішкентай баласы болғандықтан, жазаны өтеу мерзімі 2 жылға шегерілді.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылды.

Айта кетейік, жыл басында Ақтөбеде тағы бір «халық емшісі» ұсталған болатын. Ол да қазақстандықтарға гипноз қолдану арқылы несие алдырған деген күдікке ілінген.

Тэгтер:

сот несие емші алаяқтық