«Қазгидромет» дерегінше, Қазақстанның көпшілік аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тек елдің шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде қарға ұласуы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал.
Шолу:
▪️ Астанада – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, түнде −3–5 °C, күндіз +10–12 °C.
▪️ Алматыда – ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, түнде +1–3 °C, күндіз +17–19 °C.
▪️ Шымкентте – аздаған бұлттылық, жауын-шашынсыз, түнде +6–8 °C, күндіз +23–25 °C.