Америкалық әнші Дженнифер Лопес 10 тамызда Алматыда өткен концерт кезінде болған күлкілі оқиғаны түсіндірді, деп хабарлайды Arasha.kz сайты Tengri Life-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, концерттің дәл ортасында әншіге шегіртке секіріп мініп кеткен сәт желіде әп-сәтте вирусқа айналған еді.
Лопес бұл оқиға туралы The Tonight Show Starring Jimmy Fallon бағдарламасында айтты. Жүргізушімен бірге ол сол видеоны көріп, алғашқыда не болғанын түсінбей қалғанын мойындады.
«Бір нәрсені сездім, шамдардың астында ұшып жүрген масалар ғой деп ойладым. Алдымен ол мені жай ғана сипап өтіп, ұшып кетті деп ойладым. Бірақ кейін байқадым — жоқ, ол үстімде өрмелеп бара жатыр екен!» — деді әнші күліп.
Бағдарлама көрермендері Лопестің шегірткенің «қалай жүргенін» көрсеткен сәтінде ду күліп жіберді. Әншінің айтуынша, ол сахнада өзін ұстап, әнін тоқтатпай айтуға тырысқан.
«Ол кішкентай аяқтарымен мені қытықтап тұрды. Іштей ойлап қоям: жарайды, тек әнді аяқтау керек. Ал мен оны сілкіп тастаған сәтте прожектор жарығымен қарасам — тіпті тікұшақтай үлкен екен!» — деп әзілдеді Джей Ло.
Айта кетейік, 10 тамыз күні Алматының Орталық стадионында Дженнифер Лопестің Қазақстан тарихындағы алғашқы концерті өтті. Әншінің Up All Night атты әлемдік туры аясында ол еліміздегі екі қалаға ғана келген болатын.