Алматыда «жедел жәрдем» көлігі жасөспірімді қағып кетті

8 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Алматыда «жедел жәрдем» көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде 16 жастағы жасөспірімді қағып кетті. Жігіт ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

HALYQSTAN телеграм арнасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше кешкі сағат 17:20 шамасында қаладағы Әуезов ауданында болған.

«Жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Береговой көшесімен қиылыста жаяу жүргіншілер өткелінен оңтүстік бағытта өтіп бара жатқан пешеходты қағып кеткен. Жол апатының салдарынан 2009 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірім балалар ауруханасына жеткізілді», — деп растады полиция өкілдері.

Қазір оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
 

Тэгтер:

жедел жәрдем жол апаты жаяу жүргінші