Мұрат Әбенов мемлекеттік телеарналарды сынға алды

8 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қалыңдықты ұрлауды ашық насихаттайтын телесюжеттер үшін мемлекеттік телеарналарды сынға алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Жуырда мемлекеттік арнадан бір бағдарламаны көрдім, онда жігіт: «Егер сен келіспесең, мен сені ұрлап кетемін» дейді. Ал шын мәнінде бұл – әйелдердің құқықтарын бұзуды ашық насихаттау. Мемлекеттік телеарнада мұндай дүниелердің көрсетілуі мені қатты ашуландырады», – деді депутат.

Сондай-ақ ол қызды «дәстүрдің атын жамылып» алып қашу немесе еркінен тыс үйде ұстау – қылмыс екенін, мұндай жағдайда жауапкершілікке тек ұрлаушылар ғана емес, оларға көмектескендердің бәрі тартылатынын атап өтті.

Еске салайық, Қазақстанда жақында қалыңдықты ұрлау мен сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген.

Тэгтер:

депутат қыз алып қашу телеарна сын Мұрат Әбенов