Криштиану Роналду әлемдегі алғашқы миллиардер-футболшы атанды

8 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Криштиану Роналду әлемдегі алғашқы миллиардер-футболшы атанды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Португалия құрамасының капитаны, тарихтағы ең атақты ойыншылардың бірі саналатын 40 жастағы Роналду бүгінде әлемдегі ең бай спортшылардың қатарында. Мұндай көрсеткішке ол Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен келісімшартқа қол қою арқылы жетті.

Келісімшарттың ресми сомасы жарияланбағанымен, шамамен 400 миллион доллар болуы мүмкін деп болжанады. Енді Bloomberg Billionaire Index мәліметінше, Роналдудың байлығы 1,4 миллиард доллар деп бағаланып отыр.

Ұзақ уақыт бойы Роналдудың басты бәсекелесі аргентиналық Лионель Месси болған еді — олардың табыстары шамалас болатын.
Алайда, Роналдудың Сауд Арабиясының аса танымал емес клубына ауысуы оған Мессиден озып, әлемдегі алғашқы миллиардер-футболшы атануға мүмкіндік берді.

Тэгтер:

футбол Криштиану Роналду миллиардер