Ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ әйелі 10 минуттан соң жерге оралды (ВИДЕО)

9 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Blue Origin

Қазақ кәсіпкері Дана Қарағұсова америкалық Blue Origin компаниясының New Shepard зымыранында суборбиталық ғарыш сапарын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ұшу сәтінің видеосы компанияның ресми YouTube арнасында жарияланды.

Экипаж құрамында Данамен бірге Джефф Элджин, Клинт Келли III, Уилл Льюис, Аарон Ньюман және Виталий Островский болды.

Ұшу кезінде капсула Жерден 106 шақырым биіктікке (теңіз деңгейінен 107 км) көтерілді. Миссияның жалпы ұзақтығы 10 минут 21 секунд болды.

Осы уақытқа дейін аталмыш бағдарлама аясында ғарышқа 86 адам ұшқан.

Тэгтер:

Blue Origin