Павлодар облысында өрттен алты адам қаза тапты

Бүгін, 12:12 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Солнечный ауылында шаруа қожалығының ғимараты өртенді. Оқиға орнына шамамен 30 құтқарушы мен 10 техника жұмылдырылған, деп мәлімдеді облыстық ТЖД. 

Өрт тұрғын үйді толық шарпып, шаруашылық құрылыстарға тараған. Жалпы жану аумағы 920 шаршы метрді құраған. Шатырдың бір бөлігі опырылып түскен.

Өрт шыққан кезде үй ішінде жеті адам болған. 1972 жылы туған ер адам аман қалып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнынан алты адамның мәйіті табылды. Қаза болғандардың жеке тұлғасы анықталып жатыр, тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтауда.
 

Тэгтер:

өрт Павлодар облысы қаза 6 адам