Өзбекстан 2 мыңдай қызметкерді жасанды интеллектімен алмастырмақ

Бүгін, 15:01 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Өзбекстан билігі 2000-нан астам мемлекеттік қызметкерді жасанды интеллект жүйелерімен алмастырмақ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президент Шавкат Мирзиёевтің тиісті жарлығы ұлттық заңнама базасында жарияланды.

«Республикалық атқарушы органдардың қызметіне цифрландыруды кеңінен енгізу есебінен басқару штаттық бірліктерінің санын оңтайландыру шаралары туралы» деп аталатын құжат аясында 2141 лауазым жойылады.

Ең көп қысқарту Мемлекеттік салық комитетінде болады — 498 орын. Су шаруашылығы министрлігінде 224, Ауыл шаруашылығы министрлігінде 200, Әділет министрлігінде 197 қызмет жойылады. Сондай-ақ Экология министрлігінде 176 және Еңбек пен кедейлікті қысқарту министрлігінде 163 қызметкер қысқартылады.