Путин алғаш рет AZAL ұшағының апатқа ұшырау себептері туралы айтты

9 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

РФ президенті Владимир Путин Душанбеде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Кездесуде путин AZAL ұшағының апатқа ұшырау себептері туралы айтты. Оның айтуынша, әуе апатының себептері, соның ішінде, әуеде украиндық ұшқышсыз аппараттың болуымен де байланысты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, Ресей ұшақ апаты болған күні өз шекарасын кесіп өткен үш украиндық дронды бақылаған. Оның айтуынша, Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінен атылған екі зымыран AZAL ұшағына тікелей тиген жоқ, бірнеше метр қашықтықта жарылған.

Путиннің айтуынша, AZAL ұшағы, ең ықтимал нұсқа бойынша, жарылыстан шашылған сынықтардан зақымданған, ал ұрыс элементтерімен тура соққы болмаған.
 

Тэгтер:

Путин ұшақ апаты Әзербайжан AZAL ұшағы