"Не үй жоқ, не ақша жоқ": Алаяққа алданған адам жан айқайын жеткізді (ФОТО)

9 қазан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Arasha.kz коллажы

Айдана Нұрланқызы есімді азамат "Отбасы банкі арқылы үй алып беремін" деп уәде беріп, 2025 жылдың 31 наурызында бір азаматтан 300 мың теңге алғаны айтылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Уәде бойынша ол тамыз айында ақшаны қайтаруы тиіс болған, алайда бірнеше ай өтсе де, не үй жоқ, не ақша қайтарылмаған.

Жазба авторы әлеуметтік желіде:

"Сақ болыңыздар! Айдана Нұрланқызы 31.03.2025 жылы 300 мың теңге алып, "үй алып беремін" деп уәде етті. "Алып бере алмасам, тамызда қайтарып берем" деді. Бірақ қанша ай өтті – не үй жоқ, не ақша жоқ", – деп жазған.

Желі қолданушылары бірден пікір білдіріп, бұл жағдайды "брокерлік атын жамылған алаяқтық" деп бағалады.

Пікірлер арасында әртүрлі көзқарас байқалды. Көпшілік Айдананы айыптап, азаматтарды мұндай уәделерге сенбеуге шақырды.

"Қу ма? 300 мыңға кім үй алып береді? Таза алаяқ қой бұл. Отбасы банкке өзіңіз барсаңыз тегін кезекке тұрасыз", "Маған да осындай ұсыныс түскен, бірақ 300 мыңды өзіме керек деп бермедім", "5-10 үй алып берем деп мақтанатын брокерлерге сенбеңіздер. Бұлардың көбі осылай табыс табады", – деп жазды желі қолданушылары.

Тэгтер:

алаяқтық Отбасы банк