Фермер өз алқабына кіріп кеткен 17 жылқыны атып тастаған

Бүгін, 09:13 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Қарағанды облысы Нұра ауданында 28 қыркүйек күні жан түршігерлік оқиға болды. Заречное ауылының маңында 17 жылқы оқ тиіп өлтірілген күйі табылды. Олардың 14-і алған жарақаттарынан сол жерде мерт болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жергілікті фермер жылқыларды автокөлікпен қуып жүріп, тапаншамен атып шыққан. «Сафариден» кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен, деп жазды Вечернаяя Караганда.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, атылған жылқылар – ауыл шаруашылығымен айналысып отырған ауыл адамдарының малы. Енді олар істің жабылып қалуынан қорқып отыр, себебі күдікті – өңірдегі ауқатты жер иесі, беделді адам.

Ауыл халқы әділдік орнап, кінәлі адам заң алдында жауап берсін деп талап етуде.

Полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Нұра ауданының 53 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаменті.

Тэгтер:

фермер Жылқы атқан алқаб