Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қыркүйек айындағы Enbek.kz электронды еңбек биржасындағы ұсыныстарды талдап, нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, жарияланған әр екінші бос жұмыс орны жұмысшы мамандығы иелеріне арналған.
Салалар бойынша:
Ең белсенді сала – білім беру. Бұл бағытта 55 мыңнан астам бос жұмыс орны (40%) орналастырылған.
«Басқа қызмет түрлері» санатында – 16,3 мың бос орын (12%), ал денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 10 мыңға жуық бос орын (7%).
Жалпы алғанда, кадрларға сұраныс ұсыныстан 7,6 мыңға артық болған.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
Жұмыс берушілер ең көп бос орынды Астанада (11,4 мың), Алматыда (10,2 мың) және Павлодар облысында (9,4 мың) жариялаған.
Ал жұмыс іздеушілердің белсенділігі дәстүрлі түрде оңтүстік өңірлерде жоғары: Түркістан облысында – 15,7 мың түйіндеме, Шымкентте – 9 мың, Қызылорда облысында – 8,5 мың.
Көп сұранысқа ие мамандықтар:
Өндіріс саласында – 23,5 мың, көлік және логистикада – 5,9 мың, білім және тәрбие саласында – 4,4 мың бос жұмыс орны тіркелген.
Нақты мамандықтар ішінде ең үлкен сұраныс:
- автокөлік жүргізушілеріне – 2 мың бос орын,
- тәрбиешінің көмекшісіне – 1,8 мың,
- санитарларға – 1,7 мың.
Жұмыс іздеушілердің жасы мен жынысы:
Түйіндемелердің жартысынан көбі (63,8 мың) – 34 жасқа дейінгі жастардан.
35–44 жас аралығындағылар – 33 мың,
45–54 жас аралығындағылар – 22,5 мың (17%),
зейнеталды жастағылар – 11,3 мың (9%).
Жыныс бойынша әйелдер белсендірек болған – барлық түйіндемелердің 59%-ын әйелдер орналастырған. Олардың жартысына жуығы жоғары біліктілік талап етілетін мамандықтарға түскен.
Ең жоғары жалақы ұсынылған лауазымдар:
- кен өндіру өнеркәсібіндегі учаске бастығының орынбасары – шамамен 681 мың теңге,
- шахта ұңғымасын бұрғылау қондырғысының машинисі – 700 мың теңге,
- бас құрылысшы – 705 мың теңге.
Ең жоғары жалақы күтетін үміткерлер:
- коммерциялық әуе компаниясының пилоты – шамамен 2,8 миллион теңге,
- IT-сектордағы техникалық директор – 1,4 миллион теңге,
- құрылыс бөлімінің бастығы – 1,2 миллион теңге.
Айта кетейік, кеше Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы медианалық және орташа айлық жалақы мөлшерінің жаңа деректерін жариялады.