Шерзат ісінде куәгер болған екі әйелге қатысты тың дерек шықты

Бүгін, 15:36 / Arasha.kz
nege.kz коллажы

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі барысында бірінші сатыдағы сот Д. Жақсыгелді, Э. Нұрбекова, А. Казакенов және Ю. Рузбакиевтің әрекеттеріне назар аудару туралы жеке қаулы шығарған болатын, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кейін бұл қаулы апелляциялық сотта да өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енді.

Алматы облысының прокуратурасы аталған шешімге байланысты қабылданған шаралар туралы түсініктеме берді.

"Д.Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенов және Ю.Рузбакиевтің әрекеттеріне қатысты сот шығарған жеке қаулы бойынша, облыс прокуратурасы оны ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеп, процестік шешім қабылдау үшін құжаттар Алматы облысының полиция департаментіне жолданды", – делінген облыс прокурорының орынбасары Абылайхан Оңдасынның ресми жауабында.

Тэгтер:

Шерзат Полат