Дәрігерді комаға түсірген пациент түрмеге қамалды

10 қазан, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Қостанайда дәрігер Антон Кистановты соққыға жыққан азаматқа қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

2025 жылдың шілдесінде Абылайхан Саринжепов операциядан оралған дәрігерді ұзақ күткеніне ашуланып, оған соққы берген. Сол соққыдан кейін дәрігер есінен танып, жерге құлаған. Нәтижесінде ол ми жарақатын алып, жедел субдуралды қан құйылу мен бас сүйегінің негізі сынғаны анықталған.

Бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни «Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру» бабымен қаралды.

Судья Анар Шаймұрунова Саринжеповты кінәлі деп танып, оны алты айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сонымен қатар, сот шешімімен айыпталушы дәрігерге моральдық өтемақы ретінде 2 миллион теңге, сондай-ақ қорғаушының қызметі үшін 500 мың теңге төлеуге міндеттелді.
 

Тэгтер:

сот дәрігер соққы пациент