Астана – Щучинск тасжолындағы төлем қабылдау бекетіне жүк көлігі соғылды

Бүгін, 10:51 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Ақмола облысында жүк көлігі Астана – Щучинск тасжолындағы төлем қабылдау бекетіне соғылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«ҚазАвтоЖол» АҚ мәліметінше, жол-көліктік оқиға автожолдың 18-шақырымында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі «Астана» ақылы бекетіне жақындаған сәтте көлікті басқара алмай, төлем терминалына соғылған.

Соққы салдарынан өткізу бекетінің қымбат жабдығы зақымданды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші мас күйінде болған.

Жол-көлік оқиғасына қатысты материалдар тергеу жүргізу үшін құқық қорғау органдарына берілді.

Тэгтер:

мас жүргізуші жүк көлігі төлем қабылдау орны Астана – Щучинск