Truth Social сайтында жарияланған жазбасында АҚШ президенті осы аптада Қытайдың сирек кездесетін металдарды экспорттауға қатысты ережелерді қатаңдатуына жауап берді. Ол Қытайды «өте жауласып бара жатқан» ел деп атап, «бүкіл әлемді тұтқында ұстауға тырысуда» деп жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.
«2025 жылдың 1 қарашасынан бастап (немесе Қытайдың алдағы іс-әрекеттері мен өзгерістеріне қарай бұрынырақ) Америка Құрама Штаттары Қытайға қазіргі қолданыстағы тарифтерден бөлек, қосымша 100% тариф енгізеді», – деп мәлімдеді Дональд Трамп.
Сондай-ақ ол қазан айының соңына жоспарланған Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуге қазір «еш себеп жоқ» екенін айтып, «стратегиялық маңызы бар бағдарламалық қамтамасыз етуге» экспорттық бақылау енгізетінін ескертті. Трамп бұл ұғымды нақтыламай қойды.