Қазақстанның бірқатар қаласында баға өсуіне қарсы митингі өткізуге рұқсат берілмеді

Бүгін, 11:11 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Қарағанды, Петропавл және Павлодар қалаларының әкімдіктері 25 қазанда жоспарланған митингілерге келісім бермеген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қарағанды әкімдігі жауап хатында жоспарланған уақытта ескерткіш маңында басқа іс-шаралар мен құрылыс жұмыстары өтетінін алға тартқан. Павлодарда белсендіге митингіні ашық алаңда емес, жабық орында өткізуді ұсынған. Петропавлда да әкімдік митинг өткізуге толықтай бас тартқан, деп жазды ҚазТАГ.

Адам құқықтарын қорғаушылардың дерегінше, осы үш қалада белсенділер митинг өткізу туралы тоғыз рет өтініш берген, бірақ барлығына да теріс жауап алған.

Белсенділер үкіметтен ҚҚС мөлшерін 16%-ға көтеру жоспарын жоюды және бағаның өсуіне қарсы шығуды мақсат еткен.

Қазақстандағы халықаралық құқық бюросының мәліметінше, 2025 жылы ел бойынша бейбіт жиналыс өткізуге 27 рет бас тартылған. 2020 жылдың 30 шілдесінен 2025 жылдың 8 қазанына дейін жалпы 713 бас тарту тіркелген.

«АктивистыНеЭкстремисты» мониторинг тобының есебінше, осы кезеңде елде 22 қала мен елді мекенде барлығы 722 рет бейбіт акция өткізуге рұқсат берілмеген.
 

Тэгтер:

бейбіт митинг қымбатшылық белсенділер