Өнер әлемі қара жамылды: Бүкіл елге танымал актриса көз жұмды (ФОТО)

Бүгін, 17:34 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Голливудтың ең дара тұлғаларының бірі, әйгілі америкалық актриса әрі "Оскар" сыйлығының иегері Дайан Китон 79 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дайан Китон – ХХ ғасыр кино өнерінің айшықты есімдерінің бірі. Ол режиссер Фрэнсис Форд Коппола түсірген культті "Крестный отец" трилогиясында басты кейіпкердің жары Кей Адамс рөлін сомдап, әлемдік танымалдыққа ие болды.

Актриса сондай-ақ Вуди Алленнің бірқатар туындыларында ойнап, өзіне тән табиғилығымен, ерекше харизмасымен және актерлік шеберлігімен көрермен жүрегін жаулап алды.

Оның шығармашылық биігінің шыңы – Вуди Алленнің атақты "Энни Холл" фильмі болды. Бұл рөлі актрисаға бір мезетте үш беделді марапат – "Оскар", BAFTA, және "Алтын глобус" сыйлықтарын "Ең үздік әйел рөлі" аталымында алып келді.

Тэгтер:

қайғылы жағдай актриса Дайан Китон