Қазақстанда күн суытады, синоптиктер республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады деп болжайды. Солтүстікте мұзтайғақ күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, көптеген өңірлерде бүгін тұман мен қатты жел болады. Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында мұзтайғақ, ал Жамбыл облысында үсік күтіледі.
Қысқаша мәлімет:
▪️ Астанада күндіз +3…+5 °C, түнде –4…–6 °C. Желдің жылдамдығы — 9–14 м/с.
▪️ Алматыда күндіз +20…+22 °C, түнде +5…+7 °C. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.
▪️ Шымкентте күндіз +21…+23 °C, түнде +10…+12 °C. Желдің жылдамдығы — 8–13 м/с.