Қазақ күресінен XIV Республикалық «Қазақстан Барысы» турнирі 2025 жылғы 18 қазанда Астана қаласында өтеді. Бұл - ел намысын арқалаған ең мықты балуандардың бозкілемдегі шешуші айқасы, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жарысқа облыстық іріктеу турнирлерінің жеңімпаздары, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының үздік спортшылары қатысады. Сонымен қатар, өткен жылғы «Қазақстан Барысы» жеңімпазы мен «Әскер Барысы» турнирінен екі балуаны додаға қосылады. Жалпы 43 балуан күш сынасады.
Қазақ күресінен өтетін республикалық турнирдің жеңімпазы «Қазақстан Барысы - 2025» атағын иеленіп, ел мақтаны «Алтын белбеу» мен алтын «Тайтұяқтың» иегері атанады. Айта кетейік, биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 27 миллион теңге.