Алматыда бір топ ер адам 18 жастағы бозбаланы ұрып-соққан

Бүгін, 10:46 / Қайсар Қалам
Сурет: әлеуметтік желі

18 жастағы жігіттің анасының айтуынша, 11-нен 12-і қазанға ауған түнде оның ұлын Төле би көшесіндегі «Шашлыкоф» кафесінің алдында мас ер адамдар тобы аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әйелдің сөзінше, шабуылдаушылардың саны 15–20 адам шамасында болған, жастары 35–40-тың арасындағы ер адамдар. Олар ұлды басынан ұрып, мұрнын сындырған, ернін жарған. Алғашқы соққыдан кейін ол есінен танып қалған, бірақ соққы жалғаса берген.

Қазіргі уақытта тек 3 күдікті ұсталған, деп хабарлады зардап шегушінің анасы.
 

Тэгтер:

алматы соққы бозбала