Қарағандыдағы бөлімшеде табылған қыздың мәйіті: министр не деді?

Бүгін, 15:12 / Қайсар Қалам
Сурет: ІІМ

ІІМ басшысы Ержан Сәденов Қарағандыдағы полиция бөлімшесінде 23 жастағы қыздың мәйіті табылған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Қыздың қасында ес-түссіз жатқан полицей де болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сәденов бұл оқиғаны «ұят жағдай» деп атап, қылмыстық іс қозғалып, бірнеше нұсқа тексеріліп жатқанын айтты.

– Адам өлімі орын алып, оның қасында полицей болған – бұл жақсы емес. Сондықтан алғашқы минуттардан-ақ маған бәрін баяндады, істі өз бақылауыма алдым, – деп атап өтті министр.

Істің толық мән-жайы кейінірек жарияланатыны хабарланды.
 

Тэгтер:

министр полиция Қыз өлімі