Трамп Пәкістан мен Ауғанстанды татуластыруға дайын екенін мәлімдеді

Бүгін, 15:30 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы әскери қақтығысты реттей алатынына сенімді екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Мен қазір Пәкістан мен Ауғанстан арасында соғыс болып жатқанын естідім. Мен тағы бір соғысты реттеумен айналысып жатырмын, себебі қақтығыстарды шешуде менің тәжірибем мол», – деді Трамп журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. Әңгіме жазбасы Ақ үйдің сайтында жарияланды.

Ол сондай-ақ «миллиондаған адамның өмірін сақтап қалғанын» атап өтті. Трамптың айтуынша, ол мұны «Нобель сыйлығы үшін емес», «адам өмірін сақтау үшін» істеген.

Бұған дейін Ауғанстанның Гильменд провинциясы маңында атыс-шабыс болғаны хабарланған. Ауған әскери-әуе күштері Пәкістанның Лахор қаласына соққы жасағаны айтылды. «Талибан» қозғалысының ресми өкілдері операцияның егжей-тегжейін жария етпеді. Ауғанстанның TOLO News телеарнасы қақтығыс кезінде кемінде 58 пәкістандық сарбаз қаза тапқанын хабарлады. Ал Пәкістанның Geo телеарнасы бірнеше ондаған ауған әскери қызметкерінің көз жұмғанын мәлімдеді.
 

Тэгтер:

Ауғанстан Трамп соғыс бейбітшілік Пакистан