Мысыр, АҚШ, Катар және Түркия Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы құжатқа қол қойды

Бүгін, 09:02 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Бұл келісім Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған делдал елдердің күш-жігерінің нәтижесінде қабылданды, деп хабарлайды Arasha.kz.

2025 жылдың 13 қазанында Шарм-эш-Шейх қаласында АҚШ, Катар, Түркия және Мысыр Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі құжатқа қол қойды.

Құжатқа АҚШ, Мысыр, Түркия президенттері және Катар әмірі қол қойды.

ХАМАС израильдік тұтқындарды босатуға міндеттелсе, Израиль өз әскерін шығаруға және терроризм үшін сотталғандарды қоса алғанда, палестиналықтарды босатуға келісті.

Бітім 10 қазаннан бастап күшіне енді.
 

Тэгтер:

Трамп соғыс келісім Израиль Газа